Ақтөбе тұрғыны 22 жастағы келінін зорлаған

Ақпан 6, 2026 - 09:28
 0  2
Ақтөбе тұрғыны 22 жастағы келінін зорлаған
фото: sputnik.kz

Ақтөбе облысы Алға ауданында келінін зорлаған ер адам сотталды, деп хабарлайды облыстық сот. Қылмыстық іс "Зорлау" бабы бойынша қозғалды, деп хабарлайды sadaq.kz.

"Сотталушы алкогольдік масаң күйде өзінің үйінде келініне күш қолданып, оның еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскен", - дейді сот.

Алайда ол кінәсін мойындамады. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің жауаптарымен, сонымен қатар сот-биологиялық сараптама қорытындысымен расталды.

"Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 120-бабының 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді", - дейді Ақтөбе облыстық соты. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0