Ақтөбеде адамшошырлық оқиға тіркелді

Наурыз 5, 2026 - 16:58
 0  2
Ақтөбеде адамшошырлық оқиға тіркелді
Фото:elements.envato.com

Ақтөбе облысында 25 жастағы жігіт жасөспірім қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Azattyq Rýhy мәліметінше, 14 жастағы мектеп оқушысының зорланғаны туралы ақпарат тараған болатын. Құқық қорғау органдары аталған деректі растап, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтау мақсатында қажетті тергеу және процестік амалдар жүргізілуде. Полиция қызметкерлері айғақтарды жинап, қылмыстық процесс қатысушыларының барлық уәждерін тексеріп жатыр.

«Тергеу органдары істің барлық егжей-тегжейін мұқият зерделеуде. Жан-жақты тексеру қорытындысы бойынша заңды процестік шешім қабылданатын болады», - делінген ресми хабарламада.

Тергеу мүддесіне байланысты, сондай-ақ кәмелетке толмаған жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында өзге мәліметтер жарияланбайды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0