«Алдыңнан жарылқасын»: Дана Нұржігіттің отбасы қара жамылды

Мамыр 13, 2026 - 11:39
chat_bubble  0 visibility  1
«Алдыңнан жарылқасын»: Дана Нұржігіттің отбасы қара жамылды

Танымал тележурналист Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қайғылы жағдаймен бөлісті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ол жазбасында марқұм нағашы ағасының елге сыйлы азамат болғанын, зейнетке бір ай бұрын ғана шыққанын жеткізді.

"Хасан нағашым… балалығымның куәсі… әскерден келгені, үйленгені, атамның шаңырағына ие болып, ауыл интеллигенциясының, ардагерінің алды болып, зейнетке шыққанына бір ай ғана болған еді…

5 сәуір күні ғана мерейтойын өткізіп… Соңғы көрген қуанышы екен ғой!” – деп жазды ол.

Журналист нағашы ағасына деген сағынышын жеткізіп, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтты.

"Нағашы ауылым қара жамылды… Кімді іздеп, кімге еркелеп барып, жиендік жасап, мауқымды басам?! Диханкөл ауылының жұртын өнерімен сусындатқан аңқылдаған ағамның аруағы қолдасын!Өнерлі ұрпағына, жары Гүлзипа жеңгеме, нағашы жұртыма қайғырып көңіл айтамын! Алдыңнан жарылқасын, Хасеке!" – деді Дана Нұржігіт.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0