«Әлемді көрсеткім келді»: Әйел саяхатқа марқұм күйеуінің бас сүйегін алып шыққан

Қырым көпірінде турист әйел жүгінің арасынан күйеуінің бас сүйегі табылып, ұсталды. Ол марқұмның бас сүйегін өзімен бірге демалысқа алып шықпақ болған, деп жазады Mash Telegram арнасы.
Калининград тұрғыны марқұм күйеуі тірі кезінде өзара келісім жасасқан. Сүйіктісі қайтыс болғаннан кейін, әйел оның қаңқасын өзімен бірге саяхатқа алып шығуға уәде берген.
Желідегі ақпаратқа сенсек, әйелде өзінің әрекетінің заңдылығын растайтын барлық қосымша құжаттары болған.
Егер қосымша құжаттар болмаған жағдайда, тексеру қызметінің қызметкерлері оны вандализмге немесе заңсыз ағза саудасына қатысы бар деп күдікті деп танып, елге кіруге тыйым салуы мүмкін еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?






