Әлемге әйгілі Андреа Бочелли қазақтың шапанын киді (ФОТО)
 
                                    Италияның аты аңызға айналған әншісі Андреа Бочелли Алматыға гастрольдік сапармен келіп, қазақтың дәстүрлі шапанын киді, деп хабарлайды sadaq.kz.
28 қазанда Almaty Arena сахнасында өткен концерт кезінде әйгілі тенор өзінің Instagram парақшасында Алматыға сапарынан алған әсерімен бөлісті. Суреттердің бірінде Бочелли қоңыр түсті, жағалы ұлттық шапан киіп тұрған сәті бейнеленген.
66 жастағы Андреа Бочелли — әлемге танымал опера әншісі әрі композитор. Ол 15-тен астам студиялық альбом шығарған, ал оның ерекше дауысы классика мен поптың үйлесімін көрсетеді. Бұл концерт Бочеллидің Қазақстандағы алғашқы жеке өнер көрсетуі болды.
Almaty Arena залы лық толып, тыңдармандар әлеуметтік желілерде атақты тенордың тікелей орындауындағы әсерлі концерт жайлы жылы пікірлер қалдырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?
 
                    
                
 
                    
                
 
                    
                
 
                    
                
 
                    
                
 
                    
                
 
                    
                
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                                                                                                                             
                                                                                                                                             
                                                                                                                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                            