«Әлі айыппұл алып көрген жоқпын»: 40 жыл көлік жүргізген қазақ әжей өзі жайлы айтты

75 жастағы қазақ әжей туралы Франция телеарнасы деректі фильм түсірген.

Қаңтар 30, 2025 - 14:42
«Әлі айыппұл алып көрген жоқпын»: 40 жыл көлік жүргізген қазақ әжей өзі жайлы айтты
фото: видеодан скриншот

40 жыл көлік жүргізіп, Франция телеарнасының жұлдызына айналған 75 жастағы қазақ әжей өзі жайлы сыр шертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оразхан Манабаева сөз басында туып-өскен, өмір сүріп жатқан жері туралы ой бөлісті.

«Мен – Абай облысы Үржар ауданының тұрғынымын. Осында 11 жылдық мектепті бітірдім. Одан кейін ата-анаммен бірге Аягөз қаласына көшіп келдік. Бойжеткеннен кейін Құралбек Райқұлұлы деген азаматпен басқосып, бірге өмір сүріп жатқанымызға 55 жылдың жүзі болып қалды», - дейді кейіпкеріміз.

Әжей сөзін жалғай отырып, темір тұлпарды алғаш тізгіндеген уақыты жайлы ой бөлісті.

«1984 жылы Аягөзде автомектепті оқып, 1985 жылдан бастап темір тұлпарды тізгіндеп келе жатырмын. Аллаға шүкір, осы 40 жыл ішінде әлі бір айыппұл алып көрген жоқпын. 35 жасымнан бері жүргізіп келемін. Алғашқы көлігім запарож болды. Ақсақал екеуіміз жақсы жұмыс істегенімізден кейін осы машинаны берді. Содан оны 6-7 жыл айдадым. Содан міне уақыт өте келе Toyota Camry 35 көлігін айдап жүрмін. 40 жылда 8 көлік ауыстырдым. Немерелерімді мектебіне, шөберелерімді балабақшасына апарамын. Соның арасында көп емес, аздап-аздап такси болып жүремін. Тапқан тиын-тебенімді шөберелеріме шоколад сияқты тәттілерін алып беремін», - дейді әжей.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow