Алматы мектептерінің бірінде оқушыларға тамақ қалдықтары берілген
Бұл туралы Сәуле Сейдахметова өзінің Tik-Tok желісіне жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бейнежазбадан тамақ қалдықтарын төгіп тастаудың орнына оларды қайта пайдалану үшін жинап, мұздатқышқа салып жатқанын көруге болады. Алматы тұрғыны Сәуле Сейдахметова санитарлық-эпидемиологиялық норманың бұзылғанына наразы.
Алматы қаласының білім департаментінің хабарлауынша, мектепке санитарлық ережелердің бұзылған, бұзылмағанын анықтау үшін ведомствоаралық комиссия жіберілді.
Тағылған айыпқа қарамастан баспасөз қызметі мектеп әкімшілігінен, әлеуметтік педагогтан, медицина қызметкерінен және оқушылардың ата-аналарынан құралған комиссия жұмыс істейтінін алға тартты. Аталған комиссия тамақ сапасын бақылап, оларды әр 2 ай сайын тексеріп отырады екен.
@saule_taskozha
Сіздің реакцияңыз қандай?