Кегендегі қанды қылмысқа қатысты тың дерек шықты

Маусым 25, 2026 - 11:45
app_badging Маусым 25, 2026 - 11:46
chat_bubble  0 visibility  2
Кегендегі қанды қылмысқа қатысты тың дерек шықты
Фото: Видеодан скрин

Полицияда 15 жылдан астам еңбек еткен Аслан Әлсеровты туыстары ақтық сапарға шығарып салды. Марқұмның көршісі Асланның отбасы туралы айтты, деп Sadaq.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Марқұмның мәйіті күні кеше Кеген ауданының таулы аймағынан қол-аяғы байлаулы, өртенген күйінде табылған. Мамандар, оқиға Алматы қаласында болған дейді. Қазір күдікті ретінде 15 жыл отауласқан жұбайы, кәмелетке толмаған ұлы мен оның досы қамауға алыныпты.


Асқан жауыздықпен жасалған қанды қылмыс пәтерде болған дейді көрші-қолаң. Мұнда марқұм отбасымен бірге тұрыпты. Қазір есік мөрленген. Көршілер қаза тапқан Аслан мен жанұясы туралы бірде-бір жаман пікір айтпады. Сол күні де ешқандай айқай-шу естімепті. Тіпті қылмыс болғанын полиция қызметкерлері жауап алуға келгенде ғана білген.


“Бізге бір полиция бала келіп, ана немерем 33-те, содан сұраған. "Сендер қашаннан тұрасыңдар, кеше естідіңдер ме?" деп. Ол жұмыстағы кісілер, мен де ештеңе естіген жоқпын. Тым-тырс. Ылғи да жұмыста. Анда-санда балконнан балаларын көремін. Түк те білмейміз. Кеше қайғырып қалдым. Әп-әдемі, сондай кісілер. Келіншегі де, өзі де”, – дейді отбасының көршісі.


37 жастағы марқұмның жеті баласы бар екен. Қара жамылған Асланның туыстары қазір тілшілермен тілдесетін жағдайда емес. Ал Облыстық полиция департаменті сұмдық жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, күні кеше Алматы облысында айдаладан полицейдің өртенген денесі табылған еді. Ер адамның денесі Көкпек – Көктал – Кеген тасжолынан шамамен 400 метр қашықтан табылған. Өртеніп жатқан денені мал іздеп жүрген шопан байқап, полицияға хабарлаған. Мәйіт түгелдей жанып кеткен. Ал оң қолынан өртенген арқанның қалдықтары табылған.

Қазір қылмыстың мән-жайы тексеріліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0