Алматы облысында жол апатынан 8 адам мерт болды

Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жолда аса мұқият болуға шақырды. 

Қазан 1, 2025 - 00:38
Алматы облысында жол апатынан 8 адам мерт болды
Фото: pexel

Алматы облысында 8 адамның өмірін қиған жол апаты болды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Алматы–Бішкек автожолының 107-ші шақырымында болған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

- Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Lexus маркалы автокөлік жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан сегіз адам оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза болып, екі адам ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады департаменттен.

Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жолда аса мұқият болуға шақырды. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow