Алматы облысындағы балабақшалардың бірінде екі бала шатырға шығып кеткен

Сәуір 16, 2025 - 16:30
Алматы облысындағы балабақшалардың бірінде екі бала шатырға шығып кеткен

Алматы облысындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде екі бала шатырға шығып кеткен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ.

Әлеуметтік желілерде қараусыз қалған балалардың видеосы тараған еді. Балабақша меңгерушісі әкімшілік жауапкершілікке тарттылған.

Аталған жағдайға қатысты Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. 

Полиция қызметкерлері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын бұзғаны үшін мектепке дейінгі мекеме меңгерушісін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін терезелерге қорғаныс торлары мен арнайы бұғаттағыштар орнатылды. Қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етпеген қызметкер атқарып отырған қызметінен босатылды,- деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow