Алматы және Жетісу облыстарында жер сілкінді
Алматы және Жетісу облыстарындағы бірнеше аудан тұрғындары жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды sadaq.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі 2026 жылғы 19 ақпанда Астана уақыты бойынша 14:09-да жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасы аумағында орналасқан.
ТЖМ мәліметінше, ошақ Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 311 км жерде. Жер сілкінісі Алматы облысының Райымбек ауданы, Кеген ауданы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ұйғыр ауданында және Жетісу облысының Панфилов ауданында сезілген.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0