Алматыда автобус жүргізушісі телефонға қараймын деп, қызды қағып кетті (ВИДЕО)
Кеше, 9 желтоқсан сағат 10:54-те Алматы қаласының Алмалы ауданында автобус Төле би даңғылы бойымен келе жатып, Исаев көшесімен қиылыста жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 2007 жылы туған қызды қағып кеткен, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Жарақат алған қыз ауруханаға жеткізілді.
Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша Алматы қаласы Полиция департаментінің Анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғады. Автобус жүргізушісі қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Бір сәтке телефоныма алаңдап қалдым, дәл алдымнан жаяу жүргінші шыға келді. Өзімнің жауапсыздығыма өкінемін», — деп мойындады жүргізуші.
Полиция қоғамдық көлік жүргізушілерін де, жеке автокөлік иелерін де жол қозғалысы ережелерін сақтап, мұқият болуға шақырады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0