Алматыда Қаңтар оқиғасы бойынша тағы 29 адамға үкім шықты

Қараша 27, 2025 - 09:50
Қараша 27, 2025 - 10:17
Алматыда Қаңтар оқиғасы бойынша тағы 29 адамға үкім шықты
Фото: Kazinform

Алматыда Қаңтар оқиғасы бойынша жабық сот талқылауы аяқталды. Бұл туралы Алматы қалалық соты kazinform агенттігінің сауалына берген жауабында хабарлады.

Іс бойынша Алматы қаласы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 29 айыпталушыға сот үкімі шыққан. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің әртүрлі бабы бойынша, атап айтқанда:

  • ҚК-нің 262-бабы 2-бөлігі (ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысу);
  • - ҚК-нің 268-бабы 2-бөлігі (бандитизм);
  • - ҚК-нің 272-бабы 2-бөлігі (жаппай тәртіпсіздікке қатысу);
  • - ҚК-нің 125-бабы 3-бөлігі (адам ұрлау);
  • - ҚК-нің 126-бабы 3-бөлігі (бас бостандығынан заңсыз айыру);
  • - ҚК-нің 200-бабы 3-бөлігі (көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз айдап кету);
  • - ҚК-нің 287-бабы 4, 5-бөліктері (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша кінәлі деп танылды.

«Істі қарау нәтижелері бойынша сотталушыларға 3 жылдан 18 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Екі адам жазаны іс жүзінде өтеуіне байланысты жазаны өтеуден босатылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген қалалық сот жауабында. 

Сондай-ақ Алматы соты ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 29-бабына сәйкес, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау мүдделеріне байланысты айыпталушылардың жеке басы туралы мәлімет беруден бас тартты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow