Алматыда Қарғалы өзеніндегі судың жасыл түсі жұртты шошытты

Тамыз 5, 2025 - 11:30
Алматыда Қарғалы өзеніндегі судың жасыл түсі жұртты шошытты

4 тамызда алматылықтар Қарғалы өзенінде судың жасыл түске боялғанын байқаған. Өзенді ластағандар іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы Sadaq.kz.

Қарғалы өзенінің Жандосов көшесі мен Абай даңғылының арасындағы бөлігінде судың түсі жасыл түске өзгеріп, жұртты шошытты.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, бұған көпірлердің біріне химиялық заттың төгілуі себеп болуы мүмкін.

Алматы қаласының экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы аумақты тексерді, - деп хабарлады қала әкімдігі.

Суға қандай зат түскенін және оның концентрациясы қандай екенін анықтау үшін қалалық экология және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері зертханалық тексеру үшін су сынамасын алды.

Бүгін экологтар мен санитарлық эпидемиологтар, сондай-ақ Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы бірлесіп, зардаптарды жоюға кіріседі. Әкімдік мәліметінше, өзен арнасында судың табиғи түсі сақталып тұр, ластану белгілері тіркелген жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow