Алматыда құрбыларына қонаққа кеткен 17 жастағы қыз терезеден құлап, ажал құшты

Тамыз 11, 2026 - 03:24
chat_bubble  0 visibility  0
Алматыда құрбыларына қонаққа кеткен 17 жастағы қыз терезеден құлап, ажал құшты

Алматыда құрбыларына қонаққа кеткен 17 жастағы қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қайғылы оқиға Наурызбай ауданындағы Alma City тұрғын үй кешенінде болған.

Марқұм қыздың анасының айтуынша, қызы осы тұрғын үй кешеніне тұратын құрбыларына қонаққа барған. Анасы оған телефон шалған кезде, қыздардың алкогольді ішімдік ішіп отырғанын біліп, қызына ұрысқан.

Куәгерлердің айтуынша, қыз жігітіне телефон шалып, өзін алып кетуін сұраған. Жігіті келгенімен, пәтерге көтеріліп үлгермей, қыз терезеден құлап кеткен.

"Аталмыш дерек бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", – делінген полиция хабарламасында. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0