Алматыдағы кинотеатрда попкорнға қақалған ер адам көз жұмды
Алматыдағы кинотеатрдадың бірінде попкорнға қақалған 29 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды Sadaq.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 17 мамыр күні Forum сауда-ойын сауық орталығында болған. Марқұм жедел жәрдем жеткенше жан тапсырған.
Туыстарының айтуынша, марқұмның есімі — Ғани. Ол Түркістан облысының тумасы. Оқиға болған күні ол сыныптас қызымен бірге кино көруге барған.
«Әдеттегідей, киноға кірер алдында попкорн сатып алған. Сол попкорнға қақалып қалған. Бір рет дәретханаға барып құсып келгеннен кейін «жақсарып қалдым» деп айтқан. Содан кейін кино залына кірген, бірақ «тамағым жыбырлап тұр» деп қайта-қайта айта берген. Бір уақытта «жүрегім қысылып тұр» деп сырт киімін қасындағы қызға ұстатып, өзі құлап қалған. Жанындағы адамдар оны жүрегі ұстап қалды деп ойлап, жүрек тұсын басып көмектеспек болған. Өкінішке қарай, жедел жәрдем келгенше көз жұмған», — деді марқұмның туыстары.
Туыстары қақалғанда қасында көмек беруді білетін адам болғанда бәлкім марқұм аман қалар еді деп қайғыдан қан жұтып отыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0