Алматыдағы жер сілкінісі: қалада ауқымды тексеріс жүргізіліп жатыр

Желтоқсан 4, 2025 - 15:22
 0  10
Алматыдағы жер сілкінісі: қалада ауқымды тексеріс жүргізіліп жатыр

Жер сілкінісінен кейін Алматыда ауқымды тексеріс жүргізіліп жатыр.

Сағат 13:10-дағы жағдай бойынша Полиция департаментінің патрульдік көліктері, өрт сөндіру бөлімдерінің арнайы техникалары қала аумағын аралап, тексеруге көшкен.

"Гидробекет бақылаушылары және инженерлік-техникалық мамандар да алгоритмге сәйкес өзен арналарын және нысандарын тексеріп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

ТЖМ "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің мамандары өзен арналарының, гидротехникалық құрылымдардың, сондай-ақ, көшкін және сел қаупі бар аймақтарды бақылауға алған.

"Инфрақұрылым нысандары зақымданғаны-зақымданбағанын анықтау үшін визуалды тексеріс қолға алынды. Қазір бұл нысандар қалыпты жұмыс істеп тұр. Зардап шеккендер немесе қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0