«Ауыр сөйлемеңіздер!»: Айгүл Иманбаева көзіне жас алды (ВИДЕО)

Қыркүйек 16, 2026 - 15:05
app_badging Қыркүйек 16, 2026 - 15:28
chat_bubble  0 visibility  12
«Ауыр сөйлемеңіздер!»: Айгүл Иманбаева көзіне жас алды (ВИДЕО)
Коллаж: Sadaq.kz

Танымал әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында анасына қатысты жүрек тебірентерлік видео жариялап, көзіне жас алды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Әнші көпшілікті ата-анасын көзі тірісінде бағалап, барынша көңіл бөлуге шақырды.

«Қолдарыңыздан келгенше, аналарыңызды көзінің тірісінде еркелетіңіздер, қалағанын әперіңіздер! Қалаған жеріне апарыңыздар, көбірек демалдырыңыздар! Егер ауылдан қалаға көшірген болсаңыз, міндетті түрде достарына, ағайын-туысына апарыңыздар! Хабарласса телефонын көтеріңіздер! Осының барлығы ананың жүрегі үшін үлкен рөл атқарады. Аналарымыз жасарып жатқан жоқ, соны ұмытпаңыздар! Уақыт бөліңіздерші. Ауыр сөйлемеңіздер! Кейін өте кеш болады. Өмірден өткеннен кейін қадірлеудің қажеті жоқ. Көзінің тірісінде қасында болыңыз! Ең бастысы – батасын алыңыз!», – деді Айгүл Иманбаева.

Өнер иесі өзі көп уақытын сыртта өткізетіндіктен, анасына қалағанынша көңіл бөле алмай жүргеніне қынжылатынын жасырмады. 

«Мен көбінесе сыртта жүремін, анама көп көңіл бөле алмай қаламын. Таңертеңнен анамды ойладым. Сол жүрегіме қатты батады. Менің келінім болса да, анам таңертең ерте тұрып, маған өз қолымен таңғы ас жасап береді. Тойып тұрсам да жеуге тырысамын. Себебі қандай махаббатпен, шын ниетпен жасайды», – деді әнші.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0