Анасын арқалаған Ердос Қанаевтың әрекеті елді тәнті етті (ВИДЕО)

Қыркүйек 4, 2025 - 11:26
Қыркүйек 4, 2025 - 16:05
 0  25
Анасын арқалаған Ердос Қанаевтың әрекеті елді тәнті етті (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Эстрада әншісі, "Жігіттер" квартетінің мүшесі Ердос Қанаев әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп жазады Sadaq.kz.

Әнші анасына деген алғысын ерекше сөздермен жеткізді:

«Мен көтеріп жүрген – анам емес, жүрегімнің қалауы. Ана жақсылығын арқама көтеріп қайтару мүмкін емес. Бірақ бұл – анамның ақ сүтін ақтауға деген талпынысым, Алланың разылығына ұмтылысым ғана.»

Ол сондай-ақ отбасындағы тәрбиенің әке өнегесімен де тығыз байланысты екенін атап өтті:

«Мен ғана емес, біздің үйде әкем де анама ерекше құрметпен қарайтын. Бірде анашым қатты ауырып, отаға мұқтаж болғанда, әкем қасына келіп: «Алла өміріңді ұзақ әрі берекелі етсін, әрдайым біздің басымыздан жоғары болып жүре бер» – деп дұға етті де, сел қозғағандай қатты жылады. Бұл сәт мен үшін адалдықтың ең үлкен сабағы болды.»

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ердос Қанаев (@erdoskanaev)

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0