Аниме өмірге деген сенімді нығайтып, мазасыздықты азайтады

Хаяо Миядзаки мен Ghibli студиясының туындылары жастардың өмірге деген сенімін арттырып, мазасыздықты азайтады. Бұған 518 студенттің қатысуымен жүргізілген зерттеу дәлел болды, деп хабарлайды turkystan.kz .
Ғалымдардың түсіндіруінше, Ghibli фильмдері көрерменді балалық шаққа қайтарады – ол жерде бәрі баяу, әдемі әрі қауіпсіз. Стресстен ада орта, табиғатпен үндескен көріністер мен ұсақ-түйек тұрмыстық детальдар адамның бойына тыныштық пен мағына сыйлайды.
Зерттеуде қатысушылар төрт топқа бөлінген: бір бөлігі Nintendo-ның Breath of the Wild ойынын ойнады, екіншілері «Менің көршім Тоторо», «Кикидің жеткізу қызметі» сынды анимацияларды тамашалады, үшіншілері екеуін де жасады, ал бақылау тобы мұндай белсенділікке қатыспады.
Нәтижесінде, ойынды ойнағандар өмірге ризашылық деңгейі артқанын айтты. Бірақ ең қызығы, ойын мен анимені қатар көргендер әлдеқайда жоғары көрсеткіш көрсетті.
Бұл әсердің кілті – зерттеушілердің айтуынша – зерттеу, тыныштық, шеберлікке қол жеткізу және өмірлік мақсат сезімі. Ghibli фильмдері адамды балалық шақтағы қауіпсіз әрі мәнді сәттермен байланыстырып, ностальгия сыйласа, ал Breath of the Wild кеңістігі еркіндік пен зерттеуге құштарлық туғызады.
Зерттеу қазіргі жастар арасындағы мазасыздықтың күшеюі аясында ерекше назар аудартады. Емтиханға дайындық қысымы, әлеуметтік желілердегі бәсеке, әлемдік дағдарыстар туралы 24/7 жаңалықтар жастардың күйзелісін үдетіп отыр. Мұндай жағдайда Ghibli анимациясы мен ашық әлемді ойындар тек ермек қана емес, психологиялық демеу бола алатыны анықталды.
Қорытындысында, зерттеу кино мен ойындарды «бос уақытты өткізудің құралы» деп емес, қазіргі жастарға мағына, тыныштық пен еркіндік сыйлайтын маңызды психологиялық құрал ретінде қарастыруға болатынын көрсетті.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/267492-anime-omirge-degen-senimdi-nygaityp-mazasyzdyqty-azaitady
Сіздің реакцияңыз қандай?






