«Әр қателік мені ақылдырақ етті»: Динара Сәтжанның жұбайы жан сырын ақтарды

Қаңтар 30, 2026 - 17:52
 0  1
«Әр қателік мені ақылдырақ етті»: Динара Сәтжанның жұбайы  жан сырын ақтарды
Танымал кәсіпкер  Жұмабек Жанықұлов туған күніне орай жан сырын ақтарып, жазба жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz. 
«Мен елдің қалай есейгенін көрдім. Ал елмен бірге өзімнің де қалай қалыптасқанымды сездім. Өмір маған бәрін бірден берген жоқ. Бірақ ең керегін берді: тәжірибе, сабыр, таңдау еркіндігі. Мен өкінбеймін. Өйткені әр қателік мені ақылдырақ етті. Әр қиындық берік қылды. Ең ауыр соққы әкемнен айырылу болды. Сол күннен бастап жауапкершіліктің не екенін түсіндім. Ең үлкен байлық анамның жанымда болуы, сүйікті жарымның тірек болуы, ұл-қыздарымның мені мақтан тұтуы», — деп жазды кәсіпкер.

Кәсіпкер өмірден түйген ойларымен бөлісті.

«Мен ешкімнен артық емеспін. Ешкімнен кем де емеспін. Өз орным бар соны бағалаймын. Реніш сақтамаймын. Қателессем, кешірім сұраймын. Себебі күш кешіре алуда. Бүгін мен бір нәрсені анық білемін: шүкір ете алатын адам ешқашан жеңілген емес. Өткенге тағзым ет. Бүгін жауапты бол. Ертеңге батыл қадам жаса. Өйткені сенің өмірің сенің жауапкершілігің», — деп ойын түйіндеді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0