Армения СІМ басшысы Пашинянның сөзін жоққа шығарды

Армения премьер-министрі Никол Пашинян ел парламенті – Ұлттық жиналыста Ереван Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) құрамынан шығатынын айтқан болатын.

Маусым 13, 2024 - 11:19
Маусым 13, 2024 - 11:24
Армения СІМ басшысы Пашинянның сөзін жоққа шығарды

Премьер-министр ның Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (сөзіне қатысты Армения Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы news.am сайтына сілтеме жасап.

СІМ басшысы Арарат Мирзоянның айтуынша, Пашинянның сөзі бұрмаланып кеткен. Шын мәнінде ол Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан шығамыз демеген.

«Арменияның премьер-министрі ҰҚШҰ-дан шығамыз деп айтқан жоқ, қашан шығатынымызды шешеміз деді. Ол қашан кететінімізді шешеміз, бірақ қайтып оралмаймыз деді. Біреу премьер-министр Армения ҰҚШҰ-дан шығып жатыр деп айтты десе, қателеседі. Мұны дәлелдеу өте оңай», - деді ол 12 маусымда өткен Ұлттық ассамблея жиынында.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян ел парламенті – Ұлттық жиналыста Ереван Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) құрамынан шығатынын айтқан болатын. 
«Біз ҰҚШҰ құрамынан шығамыз, қашан екенін шешеміз. Сіздің ойыңызша келесі қадам қалай болуы керек? Біз қайта барамыз ба? Басқа жол жоқ" деген болатын ол «ҰҚШҰ-ның оның құрамынан неге шықпай жүрміз?» деп сұраған оппозициялық партияның депутатының сауалына жауап беру барысында. 

Өткен түн де Ереван үшін оңай болмады. Азаттық сайтының жазуынша, Ереван орталығындағы оппозиция митингісі әлі жалғасып жатыр. Сәрсенбі, 12 маусымда полиция кемінде 90 адамды ұстады. BBC мәліметінше, қаладағы парламент ғимараты алдындағы алаңға бірнеше мың адам жиналған. Полицейлер наразыларға қарсы шулы жарқылдақ граната қолданған. Армения денсаулық сақтау министрлігі кемі 55 адам зардап шекті деп хабарлады.

Армениядағы наразылық бірнеше аптадан бері жалғасып жатыр. Наразылар премьер-министр Никол Пашинян мен оның үкіметі қызметін доғарсын деп талап қойған. Олардың басым бөлігі – "Отан үшін Тавуш" қозғалысын жақтайтындар. Бұған дейін олар Армения премьер-министрі лауазымына қозғалыс лидері, архиепископ Баграт Галстанянды ұсынған.
12 маусым кешке үкімет отырысы өтіп жатқан кезде, орталық алаңға митингіге шыққандар парламент ғимараты маңындағы қоршауларды ала бастап, ішке кіруге талпынды. Кейін полиция оларды күштеп тарата бастады.

Армениядағы наразылыққа Әзербайжанмен арадағы шекара келісімі түрткі болды, Ереван шекарадағы бірнеше ауылды Бакудің бақылауына беруге келіскен. Тараптар делимитация туралы құжаттарға сәуірдің аяғында қол қойды. Келісім Тавуш аймағындағы төрт ауылдан басталуы керек еді. Олар екі ел армиясы позициялары арасындағы бейтарап аймақта орналасқан.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен оның үкіметінің позициясы наразыларды ашуландырды, олар Әзербайжан қысымынан Ереван жаңа соғыс бастала ма деп қорқып, мұндай іске біржақты түрде барды деп есептейді.

Армения тергеу комитеті ұсталған адамдардың үстінен "Жаппай тәртіпсіздік" бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow