«Арнайы қонақ»: Әлия Назарбаеваның тойда жүрген видеосы тарады

Әлия Назарбаева танымал нумеролог Клара Күзденбаеваның 62 жасқа толған туған күн кешінде бой көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz.
Қазақстанның тұңғыш президентінің кенже қызы ұзақ уақыт бойы көпшілік алдына шықпаған еді. Әлия Назарбаева және басқа да танымал қонақтар Мәскеудің орталығындағы "Яръ" мейрамханасында Клара Күзденбаеваны құттықтады.
Әлеуметтік желідегі видеолардан туған күн кешіне Назарбаевадан бөлек журналист әрі тележүргізуші Айгүл Мүкей, әнші Ержан Нұрғалиев, ресейлік актриса Елена Валюшкина сияқты танымал тұлғалар қатысқанын байқауға болады.
Айта кетейік, 2025 жылдың басында бұқаралық ақпарат құралдарында Әлия Назарбаеваның Мәскеуге қоныс аударғаны туралы ақпарат тараған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?






