«Аружан үйіме қонып жүрді»: Талғарда адам өлтірген күдіктінің анасы өз шындығын айтты (ВИДЕО)

Қыркүйек 10, 2025 - 17:29
«Аружан үйіме қонып жүрді»: Талғарда адам өлтірген күдіктінің анасы өз шындығын айтты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Талғар ауданындағы қанды қылмысқа қатысы бар күдіктінің анасы желіге видео жүктеді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Айта кетейік, өткен сенбіде суық қаруланған бір топ адам Талғарда 2 жасар қызды алып қашып, ер адамды дүкен маңында атып кеткен еді. 

«Мен Еламан Айганизовтың анасымын. Менің ұлым қолымен істегенді мойнымен көтереді. Ел алдында, Алла алдында өз жазасын өтейді. Беттен алып, төстен шауып жатқан адамдардың ешқайсысы бұл жігіт неге олай істеді деп сұрап отырған жоқ. Менің балам өзімен-өзі мылтықты алып жүгіріп кетпейді.

Жазбаған журналисім жоқ. Мені ешкім тыңдамай отыр. Шу шығарып отырған Аружаннан сұраңыз не үшін менің балам қонына мылтық алып үйіне барғанын. Аружан үйіме келіп, адал асымды ішіп, ақ орамалымды тағып қонып жүрген қыз. Еламанды мылтық алып бұндай күйге қалай жеткізгендеріңді айт. Шындықты айт, болмаса мен өзім айтамын», - дейді көз жасына ерік берген әйел.

@kyzylkairat_reklama

♬ оригинальный звук - Талгар Реклама

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow