Бурак Өзчевит 200 мың долларға қазақ баласының тұсауын кесті

"Османның құрылуы" сериалында басты кейіпкерді сомдаған, қазақстандықтардың сүйікті актеры Бурак Өзчевиттің бір тұсау кесу үшін 200 мың АҚШ долларын алғаны туралы хабар тарады деп жазады Democrat.kz.
Тараған видеода Бурак Өзчевиттің тұсау кескені, кішкентай баланың жатырқап жылағаны, айналасындағылардың өзге тілде "браво" деп жатқаны байқалады.
Жерге жайылған тұсаукесер кілемі мен ондағы жазулар, видеодағы кісілердің киімдері олардың қазақ екендерін айғақтары сөзсіз. Түрік ақпарат құралдары бұл хабарды сүйіншілеп емес, Буракқа қарсы ақпараттық шабуыл ретінде қолданып отыр.
Себебі ақшаға құныққан Бурак Өзчевит "Османның құрылуы" сериалының әр бөліміне түскені үшін жүз мың доллардан төлейсіңдер деп талап қойған.
"Бурактың ашкөздігі бір бұл емес, титтей баланың тұсауын кесіп те екі жүз мың доллар алған" деп жалаулатып ақпарат таратқан Түрік ақпарат құралдары жаға ұстап, таңғалуда.
Сіздің реакцияңыз қандай?






