«Асылған адамның екі қолы байлаулы»: Ринат Зайытов Арман Дүйсеновтің ұлы жайлы айтты

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Qazaq Airan YouTube арнасына берген сұхбатында «Үржар мен Мақаншыда да осындай жағдайлар болды ма?» деген сұрағына жауап берді, деп хабарлайды sadaq.kz.
Депутат Үржар мен Мақаншыда жасөспірімдер арасындағы төбелесте бір баланың қаза болғанын, ал Семейде бір жігіттің өлімі толық тергелмей жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ, ол Алматыда композитор Арман Дүйсеновтың ұлының өліміне қатысты да пікір білдіріп, тергеу материалдарында «асылған адамның екі қолы байлаулы» деп жазылғанын айтты.
«Неге бұл оқиғаларды зерттемейсіздер, шу көтермейсіздер? Өйткені, бұдан ешкім саясат жасап жатқан жоқ», – деді Ринат Зайытов.
Ринат Зайытов «Менің өз қалауым болмаса, мені ешкім бір нәрсеге мәжбүрлей алмайды» деп, қоғамда белгілі бір мәселелерді жария етудің астарында әртүрлі мақсаттар болатынын меңзеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?






