«Асыға күтемін»: Шавкат Рахмоновтан жеңілген файтер қазақша сөйлеп кетті

Желтоқсан 9, 2024 - 10:45
 0  33
«Асыға күтемін»: Шавкат Рахмоновтан жеңілген файтер қазақша сөйлеп кетті
Фото: Jeff Bottari/Getty Images

Шавкат Рахмоновтан жеңілген файтер Иэн Гэрри әлеуметтік желіде қазақша жазба жариялады.  

«Сізді және талантыңызды құрметтеуден басқа ештеңем жоқ. Құттықтаймын, мен сізді қайта көретін уақытты асыға күтемін – сіз де, мен де кімнің қауіптірек жауынгер екенін жақсы білеміз», – деп жазған Гэрри әлеуметтік желіде.  

Жұрт Иэн Гэрридің бұл жазбасын құттықтау деп қабылдап жатыр. Алайда кейбір сарапшылар жазбаның астарында шын мәнінде сес жатқанын айтады. Лас-Вегаста өткен UFC 310 турнирінде Шавкат Рахмонов өзінің 19-жеңісіне қол жеткізген еді.  

Бес раундқа созылған рейтингтік жекпе-жекте Шавкат Рахмонов төрешілер шешімімен жеңіске жетті.  

Тағы бір айта кетерлігі, Бұл Гэрри мансабындағы алғашқы сәтсіздік. Оған дейінгі 15 шайқастың барлығында да жеңіске жеткен еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0