Астана маңында ұшақ құлап, екі адам қаза тапты

Маусым 22, 2025 - 15:34
Маусым 23, 2025 - 15:17
 0  369
Астана маңында ұшақ құлап, екі адам қаза тапты

Астана маңындағы Жоламан әуеайлағында жеңілмоторлы ұшақ құлап, екі адам қаза тапты, деп жазады Sadaq.kz.

Оқиға 22 маусым күні 11:30 шамасында болған.

“Оқу-жаттығу барысында TL-2000 жеңіл моторлы ұшағы апатқа ұшырады. Бұл ұшақ жеке тұлғаға тиесілі. Алдын-ала мәліметке сәйкес бортта екі экипаж мүшесі болған. Экипаж мүшелері қайтыс болды”, – делінген көлік министрлігінің хабарламасында. 

Оқиғаны тергеп-тексеру үшін қолданыстағы ережеге сәйкес авиациялық оқиғалар мен инциденттер жөніндегі арнайы комиссия құрылады. 

“Көлік министрлігіне қарасты көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті қызметкерлері апат орнына барады”, – деп қосты министрліктің баспасөз қызметі. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0