Астанада 35 жастағы әйел Атырау көпірінен секіріп кетті
Астанада Атырау көпірі маңында Есіл өзенінде батып бара жатқан әйелді құтқарушылар аман алып қалды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оқиға бойынша тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр. 112 қызметіне өзенде әйелдің батып бара жатқаны туралы хабар түскен.
Ақпарат түскен бойда жағалауда орналасқан құтқару бөлімінің мамандары жедел қайықпен оқиға орнына аттанған. Құтқарушылар шамамен екі шақырым қашықтықты бір минутқа жуық уақытта жүріп өтіп, төтенше жағдай болған жерге жеткен.
Оқиға кезінде көпір маңындағы суда байдарка спорты қауымдастығының мүшелері болған. Олар әйелге алғашқы көмек көрсетіп, мамандар келгенше оны су бетінде ұстап тұрған. Құтқарушылар 1991 жылы туған әйелді жағаға шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0