Астанада донор үш науқастың өмірін сақтап қалды

Қыркүйек 12, 2026 - 14:29
chat_bubble  0 visibility  1
Астанада донор үш науқастың өмірін сақтап қалды
Фото: видеодан скрин

Астанада бір адамның қайтыс болғаннан кейінгі донорлығы үш науқасқа жаңа мүмкіндік сыйлады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бүгін түнде донордың жүрегі, өкпесі және бауыры трансплантацияға мұқтаж пациенттерге алу үшін алынды. Аталған ағзалар трансплантация кезегінде тұрған науқастарға арналған.

Министрдің дерегінше, 2026 жылдың басынан бері Қазақстанда қайтыс болғаннан кейінгі 132 әлеуетті донор тіркелген. Осы кезеңде елде 205 трансплантация жасалған. Донорлық көрсеткіш те соңғы жылдары өсіп келеді. Мәселен, 2025 жылы 18 донорлық процесс жүргізілсе, бұл 2024 жылмен салыстырғанда үш есе жоғары. Сол жылы 68 трансплантация жасалған.

Ал 2023 жылы 19, 2024 жылы 23 ағза ауыстырылған. 11 қыркүйектегі мәлімет бойынша, биыл Қазақстанда 13 мультиағзалық донорлық процесс өткізілген.

Ақмарал Әлназарова бұл көрсеткіш донорлық бағыттағы өсімнің бір реттік нәтиже емес екенін көрсететінін атап өтті

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0