Астанада Ербаян Мұхтарды ақтық сапарға шығарып салды

Маусым 26, 2026 - 11:23
chat_bubble  0 visibility  2
Астанада Ербаян Мұхтарды ақтық сапарға шығарып салды
Фото: видеодан скрин

Астанада Ұлттық ұлан қатарында мерзімді әскери қызметін атқару кезінде ауыр жарақат алып, кейін қайтыс болған Ербаян Мұхтарды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Марқұмның жаназасы елордадағы Шейх Кунта қажы мешітінде оқылды.

Еске салайық, 2023 жылдың желтоқсанында әскери бөлім басшылығы Ербаянның дәретханада басын кафельге соғып алғанын хабарлаған болатын. Алайда оның туыстары бұл оқиғаның жазатайым жағдай болғанына күмән келтіріп, мән-жайды жан-жақты тергеуді талап еткен.

Ербаян төрт ай бойы жансақтау бөлімінде ем қабылдаған. Кейін оның қайтыс болғаны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0