Астанада футбол алаңында жас жігітті қақпа басып қалып, көз жұмды

Ақпан 14, 2025 - 10:19
Астанада футбол алаңында жас жігітті қақпа басып қалып, көз жұмды
видеодан кадр

Астанада футбол алаңында 25 жастағы жігітті қақпа басып қалып, көз жұмды.

Қайғылы жағдай "Достық Арена" спорт алаңында болған. 

Әлеуметтік желіде тараған видеода жігіттің қақпаға асылып жаттығу жасап жатқаны көрінеді. Сол сәтте темір қақпа құлап, оны басып қалған.

"Аталған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл – қайғылы жағдай. Ойын барысында ол қақпа маңында болып, қолымен көлденең тіреуішке асылған. Салдарынан құрылым құлап, жігіттің үстіне түскен. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Астана полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow