Астанада кафе өртеніп, 8 пәтер тұрғындары зардап шекті

Қыркүйек 18, 2025 - 09:26
Астанада кафе өртеніп, 8 пәтер тұрғындары зардап шекті
фото: Астана әкімдігі

Астанадағы KaRima кафесінде өрт шығып, көпқабатты тұрғын үйге тараған еді. Тілсіз жаудан сегіз пәтер зардап шеккен. Тұрғындар уақытша қаланың қонақүйлеріне орналастырылып, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігі.

18 қыркүйекте Достық көшесі, 12/1 мекенжайындағы сегіз қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан өрт шыққаны туралы хабар түсті.

Оқиға орнына әкімдік, ТЖД және қалалық полиция департаментінің өкілдері жедел жетіп, бірлескен штаб құрылды.

«ТЖД мен полицияның үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт қысқа мерзімде сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», - делінген хабарламада. 

Әкімдіктің мәліметінше, алдағы тәулікте бүлінген пәтерлерді жөндеу және ғимараттың қасбетін қалпына келтіру жұмыстары басталады.

Бұл шаралар кафе иелерінің қаражаты және әкімдіктің қолдауымен жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдар өрт салдарын жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow