Астанада қазақ YouTuber-лері бас қосты

Бұл қозғалыстың жарқын өкілдерінің бірі Sadaq Media.

Сәуір 17, 2025 - 09:39
Сәуір 17, 2025 - 09:54
Астанада қазақ YouTuber-лері бас қосты
Фото: дереккөз

Астанада қазақ YouTuber-лері кездесті, деп хабарлайды Sadaq.kz ақпарат порталы.

Ортақ ой-талқыға оқырманға ой еңбегімен танылып үлгерген журналистер келді. Олардың әрбірінің YouTube-арнасында мыңдаған оқырманы, мазмұнды контенті, мойындаған аудиториясы бар.

Басқосуда YouTube сегментінде қазақтілді тәуелсіз контентмейкерлердің жаңа коалициясы құрылып келе жатқаны сөз болды. Бұл қозғалыстың көрнекті өкілдерінің бірі - қазақ қоғамындағы өзекті тақырыптарға бейнематериалдар шығарумен белсенді түрде айналысатын «SADAQ MEDIA» YouTube арнасы.

«Мақсат – қазақ тілінде сапалы, объективті және танымдық контент қалыптастыру. Сондай-ақ өзара тығыз қарым-қатынас және шығармашылық экожүйені дамыту», - дейді контент жасаушылар.

Бастамаға тәуелсіз медиа кеңістікті нығайтуға мүдделі басқа да қазақтілді журналистер мен ютуберлер қолдау білдіріп отыр.

Сондай-ақ журналистер бұл кездесуінің мақсаты мен миссиясын ең әуелі қазақ аудиториясына сапалы контент ұсыну ниетімен байланыстырады.

Қазақ қоғамы кейінгі жылдары ақпаратты мәтін немесе видео форматта болсын талғаммен тұтынып, сөз ұстаған тілшілерге талабы күшейіп келе жатқанын YouTuber-лердің қай-қайсысы да атап өтеді. Нарық та қазақ тілді ортаға бейімделіп келеді.

Мақсаты ортақ журналистерді осындай мазмұнды әңгімені жиірек өткізу ниеті тоғыстырып отыр.

Қазақ YouTuber-лері мүдделерін біріктіріп, алға қадам басуды көздейді. Ізгі бастамаға әрбірі өз үлесін қосуға барын салмақ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow