Бір жылда 234 офтейк-келісімшарт: «Самұрық-Қазына» машина жасау саласына қандай қолдау көрсетеді

Сәуір 2, 2026 - 18:44
app_badging Сәуір 2, 2026 - 19:06
chat_bubble  0 visibility  7
Бір жылда 234 офтейк-келісімшарт: «Самұрық-Қазына» машина жасау саласына қандай қолдау көрсетеді

Сессия Машина жасаушылардың XIII форумы аясында өтуде. Елордада Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумы басталды. Оған мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, іскерлік қоғамдастықтың өкілдері, жетекші сарапшылар мен машина жасау өнімдерін өндірушілер, барлығы 20-дан астам елден келген 1 мыңнан астам адам қатысуда.

Форумның алғашқы күнінде импортты алмастыруды дамыту, технологиялық жаңғырту, отандық өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және басқа да мемлекеттік өнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттары талқыланатын панельдік сессиялар мен секциялық отырыстар өтуде.

Қатысушылар тарапынан жоғары қызығушылық тудырған панельдік сессияның басты тақырыптарының бірі елішілік құндылықты дамытуға арналды. Онда отандық өндірушілерді қолдау шараларына ерекше назар аударылып, жаңа өндірістерді іске қосуға бағытталған құралдар ұсынылды. Панельдік сессияға табысты тәжірибелерді өзара алмасу және өзекті мәселелерді талқылау үшін саладағы жетекші кәсіпорындар мен сарапшыларының өкілдері жиналды.

Сессияда сөз сөйлеген «Самұрық-Қазына»АҚ сатып алу әдіснамасы, бақылау және мониторинг департаментінің директоры Азамат Сембай машина жасау секторының тұрақты өсіміне, салаға отандық өндірушілер белсенді түрде тартылып жатқанына тоқталды.

Атап айтқанда, 2025 жылы осы салада жеткізу көлемі 566,5 млрд теңгеге жетті, оныңішінде 430,3 млрд теңгені қазақстандық компаниялар қамтамасыз етті.

Қордың сатып алу саясатының негізгі бағыттарының бірі отандық тауар өндірушілерді, оның ішінде машина жасау саласының кәсіпорындарын қолдау. Офтейк-келісімшарттар дамудың маңызды құралы болып қала береді. Былтыр машина жасау секторында 254 млрд теңгеге 234 офтейк-келісімшарт жасалды, бұл 2024 жылғыкөрсеткіштен 2,2 есе жоғары, деді Азамат Сембай.

Ол сондай-ақ импортты алмастыруды одан әрі дамыту үшін машина жасаусаласында отандық өнім өндірісінің аясын кеңейтуге және импортқа тәуелділікті төмендетуге бағдарланған, жалпы сомасы 212,5 млрд теңгені құрайтын 3 мыңға жуық тауар позициясының пулы жасалғанын айтты.

Өз кезегінде «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Бас директорының Нұрлан Шәріпов қатысушыларды отандық өндірушілерді қолдау құралдарымен таныстырып, офтейк-келісімшарттар жасасу тәртібін түсіндірді. Ол сондай-ақ Импортты алмастыру бағдарламасының нәтижелері туралы хабардар еді.

Импортты алмастыру бағдарламасы – қазақстандық тауар өндірушілерді қолдаудың тегеурінді тетіктерінің бірі. Мұның негізгі мақсаты – олардың өнімдерін жеткізуге кепілдендірілген шарттар жасасу арқылы жаңа өндірістер құруды қолдау. Бағдарлама 2018 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. 2018-2025 жылдар аралығында 101 жоба мақұлданды, 567 млрд теңгеден астам сомаға 1218 офтейк-келісімшарт жасалды, деп атап өтті Нұрлан Шәріпов.

Бүгінгі таңда сатып алу жүйесінде жергілікті өндірісті дамытуға бағытталған кешенді қолдау шаралары қолданылады. Олардың ішіндеотандық өндірушілерден сатып алуға басымдық беру, кемінде 30 % алдын-ала (аванстық) төлемдер ұсыну, төлем мерзімін 5 күнге дейін, жеткізу мерзімін 60 күнге дейін ұлғайту, сондай-ақ отандық жеткізушілерді барлық қамтамасыз ету түрлерінен босату сынды шаралар бар.

Форум аясында «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компаниялары мен отандық машина жасау өнімдерін өндірушілер арасында бір офтейк-келісімшарт және іскерлік ниеттестік туралы келісімге қол қойылды.

«Әзірлік барысында біз тиісті стандарттар мен талаптарға сәйкес маңызды жұмыстар жүргіздік. Офтейк-келісімшарт жасау біздің кәсіпорнымыз үшін маңызды оқиға болып табылады. Ол, бірінші кезекте, кепілді жүктеме, реттелу, зауыттың орнықты әрі болжалды жұмысын қалыптастыру, сондай-ақ өндірістік процестерді тиімді жоспарлау мүмкіндігі. Соның арқасында бізге қажетті орнықтылық қамтамасыз етіліп, өндірісті сенімді түрде дамытуға жол ашылады. Біздің осы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру жөніндегі жоспарларымыз бар, бүгін болып жатқан оқиғаларға шын жүректен қуаныштымыз»,– деді «Бёмер Арматура» ЖШС-нің бас директоры Андреас Кефер.

Қазақстан машина жасаушыларының форумы ертең, яғни 3 сәуірде жалғасады. Сонымен қатар, 1-3 сәуір аралығында аталған форум аясында «EXPO» көрме орталығында машина жасау және металл өңдеу бойынша мамандандырылған «Kazakhstan Machinery Fair 2026» халықаралық көрмесі өтіп жатыр. Бұл көрмеде машина жасау саласының түрлі сегменттеріне арналған заманауи технологиялар, жабдықтар мен шешімдер ұсынылған. Көрмеге 300-ден астам қазақстандық және шетелдік компаниялар қатысуда.

 

 

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 1
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0