Астанада Үкімет үйінің маңында жас қыз жартылай жалаңаш билеген (ВИДЕО)

Маусым 24, 2025 - 17:09
Астанада Үкімет үйінің маңында жас қыз жартылай жалаңаш билеген (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Астананың дәл орталығында, Үкімет үйінің қарсы бетінде орналасқан түнгі клубтың террасасында жартылай жалаңаш бойжеткеннің биі әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, қала тұрғындарының ашуын туғызды. Жағымсыз көрініс 22 маусым күні кешке түсірілген, деп хабарлайды sadaq.kz.

Куәгерлер түсіріп алған бейнежазба әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, көпшілік тарапынан полиция мен әкімдікке шағымдар түсе бастады. Қоғамда үлкен резонанс тудырған оқиғаға байланысты тиісті органдар тексеру жұмыстарын қолға алды.

Астана қалалық полиция департаменті бұл жайтқа қатысты ресми мәлімдеме жасады. Олардың хабарлауынша, түнгі тыныштықты бұзғаны үшін мекеме әкімшілігіне 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде – 98 300 теңге көлемінде айыппұл салынған. Сонымен қатар, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында нысан басшылығына арнайы ұсыныс жолданған.

Ал би билеген бойжеткенге қатысты түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ. Қазіргі таңда оның әрекетіне заң аясында құқықтық баға берілетіні айтылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow