Астанада жасөспірімдер автобустағы балғаларды ұрлап, жүргізушіге бұрыш баллонын шашқан
Әлеуметтік желілерде Астанада жасөспірімдер автобус жүргізушісіне бұрыш баллонымен шабуыл жасағаны бейнеленген видео тарады, деп жазады Sadaq.kz.
Видеоны автобус жүргізушісінің өзі түсірген. Кадрларда автобустарда тұратын апатты жағдайға арналған балғаларды ұрлаған үш жасөспірімнің балғаларды қалталарынан шығарып жерге тастап жатқаны көрінеді. Олар жүргізушіден қашып құтылуға тырысып, оған бұрыш баллонын шашқан.
Елорданың полиция департаменті бұзақылардың ата-аналарының жазаға тартылғанын хабарлады.
«Жасөспірімдер тобы қоғамдық автобустың ішінде апатты шығу есігіне арналған балғаны бекіткішінен шешіп алып, өздерімен бірге алып кеткен. Автобус жүргізушісі оларды ұстап қалған, алайда полиция шақырылған кезде жасөспірімдердің бірі жүргізушіге қарата баллонын шашқан.
Жасөспірімдердің жеке басы анықталды. Ата-аналары балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада.
Видеоға пікір білдіргендер жасөспірімдерді жазасыз қалдырмау керек деп жатыр.
«Әр қайсысының ата-анасына кемі 1 миллион теңге айыппұл салу керек», «Осындай озбырларға жазаны аямаңдар, түрмеге отырғызудың қажеті жоқ, мұндайларды 7-10 жылға ауыр жұмыс салу міндеттелсін, қаланың ішінде емес, далалы таулы аймақтарда аударылу қажет», «Мұндайлар адам өміріне қауіп төндіреді, барынша жазалау керек», деп жазған олар.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0