Астанадағы Cinema City кинотеатры өртеніп жатыр

Желтоқсан 8, 2025 - 09:26
 0  46
Астанадағы Cinema City кинотеатры өртеніп жатыр
фото: видеодан скриншот

Астаналық өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданындағы өртке жедел жұмылдырылды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

— Елордада құтқарушылар осы сәтте Байқоңыр ауданы Амангелді Иманов көшесінде орналасқан жеке тұрған бір қабатты павильонда шыққан өртті сөндіріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ, — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнында жоғары дәрежемен жұмыс жасап жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0