«Астанадағы көпбалалы отбасылардың жәрдемақысы басқа аймақтардан 10 есе көп» – министр

Қыркүйек 9, 2025 - 10:36
«Астанадағы көпбалалы отбасылардың жәрдемақысы басқа аймақтардан 10 есе көп» – министр

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Астанадағы көпбалалы отбасылар басқа аймақтармен салыстырғанда 10 есе көп жәрдемақы алатыны айтты. 

"Нақты мысал келтіре аламын, мәселен, Астанада алты балалы көп отбасы тоқсанына 2,7 миллион теңге, ал басқа аймақтардағы [отбасылар] 273 мың теңге жәрдемақы алады. Сондықтан әлеуметтік әділдік принципі болу үшін әлеуметтік көмекті барлық аймаққа бірдей беру жағы қарастырылады" деді Жақыпова үкімет кулуарында.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында «жұрт әлеуметтік қызметтері мен жеңілдіктері бар Астанаға қарай ағылып жатқанын» айтқан еді.

"Қалада әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы жандардың саны бірнеше есе артқан, әлеуметтік қолдауға арналған шығындар да бюджет кірісінен жылдамырақ өсіп жатыр. Ал әлеуметтік міндеттемелердің үлесі тым артып барады" деген еді Тоқаев жолдауында.

Қазақстан басшысы жолдауында халыққа әлеуметтік көмек беру жағын қайта қарауды да тапсырды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow