Атырауда түрме басшысы моншада ұсталды

500 000 теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталған.

Тамыз 27, 2024 - 14:35
Тамыз 27, 2024 - 14:36
Атырауда түрме басшысы моншада ұсталды

25 тамызда Атырауда Тергеу абақтысының  (УГ-75) бастығы ұсталды, деп хабарлады Orda.kz.

Атырау облысы бойынша ҰҚКД-ның тергеу-жедел тобы қызметкерлері оны 500 000 теңге көлеміндегі екінші параны алған сәтінде моншада қолға түсірген.

Мәліметтерге қарасақ, параның берілгені сотталғандардың бірін Тергеу абақтысында қалдыру туралы уәдесіне байланысты болған.

Айта кету керек, ол бұл лауазымға бірнеше ай бұрын ғана тағайындалып, әлі қызметіне ресми кіріспеген болатын. Бұған дейін ол Орал қаласында колония бастығы қызметін атқарған.

Тергеу жалғасып жатыр. Іс бойынша бар мәлімет құқық қорғау органдар қатаң қадағалауда.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow