Атыраудағы қайғылы оқиғадан кейін: Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен кездесті

Қыркүйек 15, 2026 - 08:39
app_badging Қыркүйек 15, 2026 - 08:40
chat_bubble  0 visibility  1
Атыраудағы қайғылы оқиғадан кейін: Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен кездесті
фото: видеодан скриншот

Атырау облысында қайғылы оқиғадан кейін психикалық денсаулық орталығында ем қабылдаған Ақбаян Мұқанғалиеваның балаларымен кездескен сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.

Кадрларда Ақбаянның жасөспірімдерді бейімдеу орталығында тұрып жатқан балаларымен сағына қауышқаны көрінеді. Ол балаларын құшақтап, бірге уақыт өткізген.

Бұған дейін Ақбаян Мұқанғалиеваның тамыз айында психикалық денсаулық орталығынан шыққаны және содан кейін балаларымен кездескені хабарланған болатын. Қазір әйел туыстарының қарауында.

Жақындарының сөзінше, балаларымен араласуы Ақбаянның эмоционалдық жағдайына оң әсер етіп, психологиялық тұрғыдан қалпына келуіне көмектесуі мүмкін.

Туыстары оның оңалуына қажетті жағдай жасап жатыр. Олар Ақбаянның біртіндеп қалпына келіп, болашақта балаларымен бірге қалыпты өмірге оралуынан үмітті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0