«Ауыр дертпен күресті»: Қазақстандық танымал актер дүниеден өтті

Қаңтар 29, 2026 - 00:18
Қаңтар 29, 2026 - 02:02
 0  1
«Ауыр дертпен күресті»: Қазақстандық танымал актер дүниеден өтті
Фото: instagram.com/lermontov.theatre

Белгілі театр және кино актері Анатолий Креженчуков 76 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Sadaq kz.

Қаралы хабарды Михаил Лермонтов атындағы ұлттық орыс драма театры жеткізді.

«Театрымыздың ақсақалы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Анатолий Креженчуков дүниеден өтті. Әртіс ұзақ уақыт бойы ауыр дертпен күресті, алайда соңғы сәтке дейін оның ішкі күш-қуаты мен өмірсүйгіштігі сырқатты жеңуге көмектеседі деп үміттендік… Өкінішке қарай, адам мүмкіндігі шексіз емес», — делінген жарияланымда.

Анатолий Николаевич Креженчуков – 1950 жылы 4 наурызда Алматы қаласында туған. Құрманғазы атындағы Өнер институтының театр факультетін бітірген (1973), театр және кино актері. 1973 жылдан бері - М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актері.

"Мужской род, единственное число" (Френк Хардер), "Танго" (Эдек), "Эзоп" (Агностос), "Ищите женщину" (Клебер Карлье), "Как важно быть серьезным" (Чезюбл), "Сети дьявола" (Раскольников), "На дне" (Сатин), "Нахлебник" (Карпачов), "Человек, который платит" (Александр Амилькар), "Король Лир" (Граф Кент), "Вишневый сад" (Симеонов-Пищик) спектакльдерінде рөлдер сомдаған. 

"Қазақфильм" киностудиясының "Возвращение сына", "Погоня в степи", "Граница", "Земля людей", "Ликвидатор", "Махамбет" фильмдеріне, "Тоғысқан тағдырлар" (доктор Платонов) телехикаясына түскен. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0