«Әйелін қымтап киіндіріп, өзі жалаңаш қыздарды құшақтайды»

Танымал әнші Төреғали Төреәлі тағы да даудың ортасында қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіде әншінің бейтаныс бойжеткенмен құшақтасып тұрған сәтінен түсірілген видео тарады.
Желі қолданушылары Төреғали Төреәлінің бұл тұрысын қатаң сынға алды.
«Өздері әйелдерін орап, жалаңаш қыздарды құшақтайды», «Өз әйелі мың есе әдемі», «Қыздың өзі жабысып жатыр. Төреш қып-қызыл болып кетті», «Осындай ұятсыздар ғой семья бұзатын, әйелі бар адам, қанша баласы бар, нең бар қолын ұстап, құшақтап», «Қарындасым, қарлығашым деп еркелеткен түрі», «Төреғали балам, өзіңнің жарың керемет сұлу жан ғой, жаныңдағы жарыңды бағалай білгенің дұрыс қой, аузы дорбадай жалаңаш ұятсыз қызға жабыспай»,- деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, жуырда ғана Төреғали Төреәлінің отбасылық отырыстардың біріне мас күйде барып, 32 мың теңгенің вискиін талап еткені хабарланған болатын.
View this post on Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






