«Ажырасқан әйелді неге бағуым керек?»: Олжас Абай бұрынғы жұбайына жауап қайтарды (ФОТО)

Қараша 11, 2025 - 12:12
«Ажырасқан әйелді неге бағуым керек?»: Олжас Абай бұрынғы жұбайына жауап қайтарды (ФОТО)
Фото: ochooou_official

Танымал әнші әрі актер Олжас Абай әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы әйелінің сұхбатына жауап берді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Олжас Абайдың сөзінше, ол ұлдарына уақытылы алимент төлейді, сондай-ақ оларға сыйға тартылатын пәтер де дайын тұр.

“7 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз. Ұлдарым үшін әлі де біраз нәрсе жасаймын. Алименттерін уақытылы төлеймін. Ұлдардың екі бөлмелі сыйға берілетін (дарственный) пәтері де дайын тұр. Уақыты келгенде беремін. Ажырасқан әйелдің өзін мен неге бағуым керек? Жолын тауып, еңбек қылып бақытты болсын”, – деп жазды ол.

Экс-әйеліне жауап берді

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow