Ажырасқысы келген: Семейде ер адам әйелін бейсбол таяғымен ұрып өтірген

Шілде 29, 2026 - 09:29
chat_bubble  0 visibility  1
Ажырасқысы келген: Семейде ер адам әйелін бейсбол таяғымен ұрып өтірген
фото: әлеуметтік желіден

Семейде 52 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Материалдар сотқа жолданды, деп хабарлайды sadaq.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Қаза тапқан әйелдің туыстарының айтуынша, сәуір айында ол күйеуіне ажырасқысы келетінін айтқан. Бұдан соң бірнеше күн өткенде ер адам оның жеке заттарын, құжаттарын, сондай-ақ ортақ балаларының құжаттарын өртеп жіберген. 

Кейінірек, жақындарының сөзінше, ер адам әйелін аңдып тұрып, бейсбол таяғымен шамамен 28 рет ұрған. Алған жарақаттары салдарынан әйел көз жұмды. Оқиғадан кейін күдікті ұсталып, қамауға алынды. 

Қазіргі уақытта «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды.

«Қылмыстық істің сотқа берілуіне байланысты Полиция департаменті сот шешімі шыққанға дейін істің мән-жайына түсініктеме беруге және дәлелдемелерге баға беруге құқылы емес», – деп хабарлады Абай облыстық ПД өкілдері.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0