Ақтаудағы ұшақ апатына ресейлік зымыран себеп болды – Euronews
26 желтоқсанда Әзірбайжан үкіметінің дереккөзі Embraer E190AR ұшағының Ақтауда құлауына ресейлік "жер-әуе" зымыраны себеп болғанын растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Шетелдік басылым мәліметінше, зымыран 8432 рейсіне қарсы атылған, бұл кезде Грозный үстінде ұшқышсыз ұшатын аппараттар әрекет еткен.
Тағы оқыңыз: Әзірбайжан ұшағын украиналық дрондар атып түсірді - БАҚ
“Дереккөздер мәліметінше, зымыран Грозный үстінде дрондарға қарсы шаралар кезінде 8432 рейсіне бағытталған, зымыран ұшаққа жақын жерде жарылып, оның сынықтары жолаушылар мен экипаж мүшелеріне тиген” делінген хабарламада.
Әзірбайжан үкіметіндегі дереккөздің Euronews-ке хабарлауынша, зақымданған ұшақ ұшқыштардың шұғыл қону туралы өтінішіне қарамастан, Ресейдің ешбір әуежайына қонуға рұқсат етілмеген. Сондай-ақ оларға Каспий теңізі арқылы Қазақстанның Ақтау қаласына қарай ұшуға бұйрық берілген.
Тағы оқыңыз: Апатқа ұшыраған ұшақ теңізге неге қонбады? - маман пікірі (видео)
Қолда бар мәліметтерге сәйкес, ұшақтың GPS навигациялық жүйелері теңіз үстінде ұшу барысында толықтай бұғатталғаны айтылады.
Мұндай тұжырымды бұған дейін де әлемдік медиалар жазған.
Мәселен, германиялық BILD басылымы ұшақты Ресей күштері шатасып атқан болуы мүмкін екенін хабарлаған.
Айта кетейік, 25 желтоқсанда Әзірбайжан әуе компаниясына тиесілі Embraer E190AR ұшағы Ақтау қаласындағы әуежай маңында апатқа ұшыраған еді. Бортта 67 адам болған. Оның 38-і қаза тауып, 29 адам Маңғыстау облыстық ауруханасында ем абылдап жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?