Бақытгүл Хаменова тойда жүр: Комитет пікір білдірді

Қазан 28, 2025 - 21:34
 0  19
Бақытгүл Хаменова тойда жүр: Комитет пікір білдірді
фото: видеодан скриншот

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) сыбайлас жемқорлық үшін сотталған Бақытгүл Хаменова Атырауда тойға барған видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, Бақытгүл Хаменова пробация қызметінің бақылауында.

"Бақытгүл Хаменова Атырау қаласының №2 сотының заңды күшіне енген үкімімен жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Баласы барын ескеріп, сот Қылмыстық кодекстің 74-бабы 1-бөлігін қолданды, жазаны өтеуді үш жылға кейінге қалдырды", - деді ҚАЖК өкілі.

Десек те, комитет ақпаратына сүйенсек, "сот мәдени-бұқаралық немесе өзге де қоғамдық іс-шараларға қатысуға қатысты шектеулер белгілемеген".

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0