Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы орынбасары қамауға алынды

Ақпан 13, 2025 - 14:54
Ақпан 13, 2025 - 14:57
Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы орынбасары қамауға алынды

Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров 15 тәулікке қамауға алынды деген хабар тарады.

CMN.KZ басылымының жазуынша, ол мас күйінде көлік жүргізген. Жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. 

29 қаңтар күні сағат 3-те Астанадағы Төлебаев көшесінде полиция қызметкерлері оның Toyota Land Cruiser Prado көлігімен тоқтатты. Тексеру барысында Бабақұмаровтың алкоголь ішкені анықталды.

Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ержан Бабақұмаровты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы» бойынша кінәлі деп танылған.

Осыған байланысты сот Бабақұмаровты 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айыру туралы үкім шығарған. 

Ержан Бабақұмаров 2019-2022 жылдар аралығында Алматы қаласы әкімінің орынбасары болған. Одан кейін 2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметін басқарды.

Бабақұмаров сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі,  Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметтерін атқарған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow