«Балалардың іші ауырып, дене қызуы көтерілген»: Маңғыстауда алпысқа жуық оқушы тамақтан уланды

Қыркүйек 7, 2024 - 19:19
Қыркүйек 8, 2024 - 00:26
«Балалардың іші ауырып, дене қызуы көтерілген»: Маңғыстауда алпысқа жуық оқушы тамақтан уланды

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында 58 оқушы тамақтан уланып, денсаулықтарына шағымданған. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті істің мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Тамақтан уланған балалардың іштері аурып, дене қызуы көтерілген.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мұнайлы ауданында тамақтан уланған балалар бақылауға алынды.

 Мұнайлы ауданында №8 мектептің 21 оқушысы 6 қыркүйек күні кешкі мезгілден бастап жедел жәрдем шақырып бастаған. Шағымдары: іш ауруы, дене қызуының көтерілуі. Бүгінгі күні, сағат 13:15-тегі жағдай бойынша 58 бала медициналық көмекке жүгінді. 26 бала емханада ем қабылдап жатыр, 27 бала үй жағдайында бақылауда, 5 бала ауруханаға жатқызылды, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мөлдір Әділ.

Жағдайдың неден болғанын анықтау мақсатында Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне хабарлама берілген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow