«Балқаш мектептеріне жарылғыш зат қойылды»: полиция мәлімдеме жасады

Белгісіз адамдар Балқаш қаласындағы мектептерге жарылғыш зат қойылды деген ақпарат таратқан.
«Әлеуметтік желілерде және Telegram-арналарда Балқаш қаласының мектептерінде жарылғыш заттар қойылды деген қауесеттер тарап жатыр. Ресми түрде хабарлаймыз: бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған мәлімет тарату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық білім беру мекемелерін полиция қызметкерлері тексерді – ешқандай жарылғыш зат анықталған жоқ», – делінген Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазіргі уақытта жалған ақпарат таратқан адамдарды анықтап, ұстау үшін ауқымды жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Қарағанды облысының полиция департаменті ескертеді: терроризм актісі туралы жалған хабар таратқаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
«Балқаш тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға, арандатушылыққа берілмеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», – деді ведомство.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/266985-balqas-mektepterine-zarylgys-zat-qoiyldy-policiia-zauap-berdi
Сіздің реакцияңыз қандай?






